Спорт
1 мин оқу 265

Чемпионатты жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Өскеменнің &laquo;Алтай&raquo; волейбол клубы Вьетнамның Виньфук қаласында жалауы желбіреген клубтар арасындағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады.</p>

Чемпионатты жеңіспен бастады

2021 жылғы Азия чемпиондары құрлық додасының «В» тобында «Liaoning Donghua VC» (Қытай), «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд), «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) және «Hip Hing VB Club» (Гон­конг) командаларымен бірге сынға түсуде.

Юрий Панченко жаттықтыратын «Алтай» клубы біріншіліктегі алғашқы ойынын Таиландтың «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» клубымен өткізіп, бес партияға жалғас­қан бәсекеде 3:2 (21:25, 19:25, 25:22, 25:14, 15:11) есебімен жеңіске жетті. Өткен жылы Семейде ұйымдастырылған чемпионатта да «Алтай» дәл осы команданы топтық бәсекеде 3:0 есебімен тізе бүктірген еді.

Бөлісу: