Қоғам
1 мин оқу 250

Бас мүфти мешіт тазалықшысына пәтер кілтін табыстады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына барған сапарында &laquo;Әнет баба&raquo; мешітінде 10 жылға жуық қызмет еткен Құрманғазы Дүйсенбекұлына пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Расында мешітте қызмет ету - ұлы іс. Алла Тағала мешітте қызмет еткен әрбір күніңізге мол сауаптан жазғай. Үйіңіздің іші жанға, сырты малға толсын. Жаратқан жанұяңызға жар болсын» деді Бас мүфти.

Бұл ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен, жомарт жандардың көмегімен «Ел үлесі - пәтерге» акциясы аясында берілген 660-шы баспана болды.

Бөлісу:
Бас мүфти мешіт тазалықшысына пәтер кілтін табыстады · Egemen Qazaqstan