Пікір
1 мин оқу 220

Бүтін бір ұлт

<p style="text-align: justify;">Ассамблеяның осы сессиясында бүтін халқымыз үшін терең дүниелер көтерілді. Осы тұста біз қазақ халқы деп төлқұжатына қарамай, ұлан-ғайыр атырапта тұратын, елдің төл дәстүрімен сусындап өскен, оның болмысы мен дүниесін бойына сіңірген азаматтарды айтамыз.</p>

Бүтін бір ұлт

Мұны Мемлекет басшысы да атап өтті. Яғни біз этнос ұғымынан әлдеқайда жоғары ұлт ұғымына бірігеміз. Жаңа дә­уірге қадам басқан Қазақ­стан­ның болашағын бірге құ­руы­мыз керек. Шын мәні­сін­де, Ассамблеяның ең басты мақ­са­ты – халықтың бірлігі мен та­ту­лығын қамтамасыз ету және өзара мәдениетаралық байланыста ұлт негіздерін ны­ғайту.

Ассамблея – қайта­лан­бас ерекше институт. Ол мемлекеттік не этносаралық қарым-қаты­нас­тарды реттейтін уәкі­летті орган емес. Бұл – кон­сультативті орган. Яғни Ассам­блея өзінің іс-әрекеттері арқылы аза­маттардың сана-сезіміне, олар­ға мемлекетқұраушы болмысты енгізуге ық­пал­дасатын бірден-бір орта.

Жиынның бірінші күні бұл мәселелер жан-жақты талқыланды. Мем­лекеттік тілдің мәртебесі тура­лы көп айтылды. Басқа этнос өкілдері та­­ра­пынан «білім беру ошақтары, әсіресе балабақша мен мектеп қазақ тілінде оқытуды жүйелесе» деген тезистер айтылды. Демек бұл олар үшін қазақ тілінің маңызды екенін көр­се­теді.

Қоғамда «Ассамблея тек бас­қа этносқа керек» деген пікір­лер­ айтылып қалады. Бұл – қате ұғым. Ассамблея бәрі­мізге де керек. Ол татулықты, мә­де­ниет­ара­лық байланысты, бір-бірі­міз­дің құқықтарымыз бен ерек­ше­ліктерімізді құр­меттеуге кө­мек­теседі. Кон­суль­тативті ор­ган елі­­міз­дег­і диаспора өкіл­де­рінің қа­зақ тілін үйренуге деген ынтасын арттырып, нәтиже шығарады. Ассамблея­ның Президент айқын­дап кеткен басты бір бағыты – барлық этносты қазақ ұлтының аясына ұйыстыру.

Индира РЫСТИНА,

Қазақстан халқы

Ассамблеясы Хатшылығы

меңгерушісінің орынбасары

Бөлісу:
Бүтін бір ұлт · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар