Пікір
1 мин оқу 280

Ынтымақ айнасы

<p style="text-align: justify;">Бірқатар өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілдің дамуына нақты үлесін қосып, тәп-тәуір қазақ тілінде сөйлеп те, жазып та жүр. Осындай азаматтардың ісі &ndash; көпке үлгі. Кейінгі жылдары қазақ тілінде еркін сөйлейтін жастар қатары көбейіп келеді. Осындай азаматтарды мыңдап мы&shy;сал&shy;&shy;ға келтіруге болады.</p>

Ынтымақ айнасы

Бұл – еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге, елге деген құрметі. Жапониядан келген жас қыздың қазақ тілінің ерекшелігіне қызығып, аз ғана уақытта тілді еркін меңгеріп ал­ған­дығына риза боласыз. Сондай-ақ алыстағы Америкада жүріп, өзінің күш-жігерімен қазақ тілін үйреніп алған дипломаттың ерік-жігері мен ынта-ықыласына құрметіміз шексіз. Алайда сол азаматтың Қазақстанға келіп, Астанада жү­ріп осы елдің мем­ле­кеттік тілін, яғни қазақ тілін одан әрі дамыта алмай жүргені қынжылтады. Себебі ол кісіге мемлекеттік тілді үйренетін орта жоқ. Мұнда араласатындардың көпшілігі орысша сөйлеуге бейім тұрады. Міне, осы мәсе­ле­ні түбегейлі қолға алып, мем­лекеттік тілдің дамуына жол ашатын кез келді. Осы арада тағы бір қолға алатын мәселе, жаңа сайланған Парламентте депутаттар қабылдайтын заңдарды алдымен мемлекеттік тілде да­йындауға мән берулері керек. Ол туралы депутаттар мәселе көтере бастады.

Қазақ тілін жаңғыртудың қа­зіргі негізгі талабы тілдік қажет­ті­лікпен орайлас. Егер тіл реформасын жүзеге асырмайтын болсақ, мемлекеттік тілге деген сұранысты арттыра түспесек, тілді дамытудың тетіктерін жасамасақ, іс ілгері баспайды.

Ассамблея құрамындағы мем­лекеттік тілге деген ықы­лас­тары басым азаматтарды халық ерекше құрметтеп, әрқашан сыйлайды. Біздің тіліміз – бірліктің, ынтымақтың айнасы. Осы құндылықты әрдайым нығайта бе­рейік.

Саясат БЕЙІСБАЙ,

Философия, саясаттану

және дінтану

 институтының бас сарапшысы

Бөлісу:
Ынтымақ айнасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар