Саясат
1 мин оқу 220

Сенаторлар авторлық құқықты қорғау туралы заңды талқылады

<p style="text-align: justify;">Сенаторлар Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында &laquo;ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы&raquo; заңды талқылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz&nbsp;</a>Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Сенаторлар авторлық құқықты қорғау туралы заңды талқылады

Келісім ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағындағы интернет-ресурстарда авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану мәселелерін реттеуге, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға, сондай-ақ уәкілетті органдардың құқық иелерімен ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған.

Сенаторлар бұл заң ақпараттық-телекоммуникациялық желілердегі авторлық құқық және сабақтас құқық объектілері құқықтарының бұзылуына қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Бөлісу: