Аймақтар
1 мин оқу 413

Екібастұздықтарға ыстық су қашан беріледі?

<p style="text-align: justify;">15 мамырдан бастап Екібастұз тұрғындарына ыстық су беріле бастайды. Бұл туралы &laquo;Екібастұзжылуэнерго&raquo; ЖШС хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ыстық судан ажыратылған үйлердің тізімі ЖШС-ның Тelegram-арнасында және @ete_ekb instagram-аккаунты стористерінде жарияланады.
 
«Екібастұз қаласында жылу желілерін тығыздыққа гидравликалық сынау аяқталды. Төрт күн бойы барлық магистральдік және орамішілік желілер сыналды. Гидравликалық сынаулардың 4 кезеңі нәтижесінде желілердің 269 зақымы (оның ішінде магистральдік құбырларда - 34 және орамішілік құбырларда - 235) анықталды», делінген компания таратқан хабарламада.
 
Компания мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері анықталған зақымдарды жою жұмыстарына кірісіп кетті.
Бөлісу:
Екібастұздықтарға ыстық су қашан беріледі? · Egemen Qazaqstan