Саясат
1 мин оқу 470

Мемлекет басшысы бірқатар әскери қызметшіні марапаттады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар әскери қызметшіні марапаттады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.<b><br /></b></p>

Мемлекет басшысы бірқатар әскери қызметшіні марапаттады

III дәрежелі «Айбын» орденімен:

1. Бабақұлов Қуаныш Исабекұлы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің аға нұсқаушысы.

«Ерлігі үшін» медалімен:

1. Лисбаев Байсейіт Жәнібекұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің взвод командирі;

2. Рахматалиев Данияр Тілекбайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен:

1. Алдабергенев Мейір Салқынбекұлы, Қорғаныс министрлігінің 19033 әскери бөлімі минасыздандыру бөлімшесінің командирі;

2. Рамазан Дәурен Қайратұлы, Мемлекеттік күзет қызметінің жедел уәкілі.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы бірқатар әскери қызметшіні марапаттады · Egemen Qazaqstan