Айбек Оралбай италиялық боксшыдан жеңіліп қалды
<p style="text-align: justify;">Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Айбек Оралбай (92 келі) италиялық Азиз Аббес Мухийдиннен жеңіліп қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстан спортшысы 1/16 финалда италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен жұдырықтасты. Байрақты дода 4:0 есебімен аяқталды. Төрешілер шешімімен италиялық боксшы жеңіске жетті.
Айбек Оралбай жарыс жолынан шығып қалған үшінші боксшы. Бұған дейін турнирден Талғат Сырымбетов пен Санатәлі Төлтаев сүрінген еді.
Сондай-ақ бүгін Серік Теміржанов және Нұрбек Оралбай жекпе-жек өткізді. Серік Теміржанов Мали боксшысы Абудул-Карим Батилиді 5:0 есебімен жеңді. Ал Нұрбек Оралбай әзербайжандық Мурад Аллахвердиевтен басым түсті.