Қарағанды тумасының әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуі жеңіспен басталса, бүгін иорданиялық спортшымен өткен жекпе-жек сәтсіз аяқталды.
Десе де, отандасымыз бұл айқаста барын салды. Алғашқы кезеңде иордания өкілі басым түскенімен, екінші кезеңде жерлесіміз есепті теңестірді. Ал үшінші раундта төрешілер Азия чемпионы басым болды деп шешті.
Айта кетейік, Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамырға дейін өтеді.