Футбол
1 мин оқу 220

33 жылдан кейінгі жеңіс

<p style="text-align: justify;">Футболдан Италия чемпионатының 33-тур ойындарынан кейін &laquo;Наполи&raquo; клубы 33 жылғы үзілістен соң үшінші мәрте &laquo;А&raquo; сериясының жеңімпазы атанды. Аталған команда бұған дейін де екі мәрте чемпион атанған болатын.</p>

33 жылдан кейінгі жеңіс

33-турдың орталық ойынында «Наполи» сырт алаңда жергілікті «Удинезе» клубымен тең ойнап (1:1), Италия «А» сериясында мерзімінен бұрын чемпион атанды. Турнир кестесінде екінші орында келе жатқан «Лацио» (64) қалған бес турдың барлығында жеңіске жетсе де, енді «Наполиге» жете алмайды.

Осылайша, неапольдықтар 33 жыл­дық үзілістен кейін алғаш рет Италия чемпион­дығына қол жеткізіп отыр. Бұл – олардың үшінші скудеттосы. «Наполи» бұған дейін 1987 және 1990 жылдары футбол аңызы Диего Марадонаның кезеңінде бас жүлдені иеленген болатын. Бір айта ке­терлігі, «Наполидің» 64 жастағы бас жат­тықтырушысы Лучано Спалетти бап­керлік карьерасында алғаш рет Италия чемпионы атанды.

Бөлісу:
33 жылдан кейінгі жеңіс · Egemen Qazaqstan