Қоғам
1 мин оқу 851

Асық ойнаған азбайды

<p style="text-align: justify;">Халқымыздың &laquo;Асық ой&shy;наған азар, доп ойнаған тозар&raquo; дейтін мәтелінің ес&shy;кіргенін қазіргі уақыт дә&shy;лелдеп отыр. Өйткені жасыл алаңда доп қуа&shy;лағандардың қандай құр&shy;метке бөленетіні белгілі. Бү&shy;гінде асық ойнағандар да ардақтала бастады.</p>

Асық ойнаған азбайды

Отан қорғаушы күні қар­саңында Ұлытау облысы бойын­ша «Асық – асыл қазына» деген атаумен асық ойындарының челленджі өткізілді. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұй­ым­дарындағы балалар мен ере­сек­тер арасында асық ойындарын кеңінен насихаттау арқылы ұлтымызға тән құндылықтарды дәріптеу, ұлттық ойындар ар­қылы балаларды дәлдікке, мер­гендікке, ептілікке тәрбиелеу мақсатын көздеген челленджді об­лыстық білім басқармасы жа­нындағы Әдістемелік орталық ұйымдастырды.

чнао

Челленджге облыстың бар­лық балабақша, мектеп және кол­ледждерінің тәрбиеленушілері, оқу­шылары және студенттері қатысты. Сонымен қатар педагог­тер мен ата-аналар үшін жеке алаң­дар ұйымдастырылды.

ар

– Біз мұндай іс-шараны облыста алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Аталған іс-шараға қа­тысушылардың саны 10 мыңнан асып жығылды. Асық – өте ертеден келе жатқан, баланың ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ши­рақтылыққа, ұстамдылыққа, ал­ғырлыққа, сыйластыққа тәр­биелеген ұлт ойындарының бірі. Алғашқы ойындардан-ақ көп­шіліктің зор қызығушылығы танытқаны байқалды. Мүмкін күзге қарай тағы да жалғастыратын шығармыз, – дейді аталған ор­талықтың қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы Сымбат Құлмағамбетова.

Ұлытау облысы

Бөлісу:
Асық ойнаған азбайды · Egemen Qazaqstan