Бокс
1 мин оқу 434

Қазақстанның екі боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Серік Теміржанов пен&nbsp;Нұрқанат Райыс ширек финалға шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақта мажарстандық Роланд Верешпен жұдырықтасты.

Қазақстан боксшысы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның осы біріншіліктегі екінші жекпе-жегі еді.

Сонымен қатар, Нұрқанат Райыс 75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда доминикандық Дельгадо де лос Сантоспен шеберлік байқасты.

Нұрқанат Райыс бірінші раундта нокдаун алғанына қарамастан, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрқанат алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов Үндістан боксшысы Дипак Кумармен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңілді

Бөлісу:
Қазақстанның екі боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар