51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов 1/16 финалда Үндістан өкілі, Азия біріншілігінің жүлдегері Дипак Кумармен жұдырықтасты. Тартысты өткен кездесуде отандық боксшы төрешілердің шешімімен қарсыласына жол берді.
Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының келесі кезеңіне өте алмады.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов - Токио Олимпиадасының жүлдегері және Сербияның астанасы Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы.