Бүгін бокстан әлем чемпионатында кімдер жұдырықтасады?
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін Қазақстан құрамасының үш өкілі бокстан әлем чемпионатында рингке шығады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда рингке 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан өкілі Махмұд Сабырхан бірінші болып шығады. Оның қарсыласы Венгриядан келген Иштван Шака.
Астана уақыты бойынша 19:00-де басталатын кешкі сессияда қазақстандық Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін) өзбек Шодыр Меликузиевпен жұдырықтасады.
Қазақстандық спортшы Сағындық Тоғамбай (86 келіге дейін) кешкі сессия аясында А рингінде оныншы жекпе-жекте өнер көрсетеді. Оның қарсыласы өзбек Шохжахон Абдуллаев.
