Шымкентте 18 жүк вагоны рельстен шығып кетті
<p style="text-align: justify;">Бүгін, 11 мамырда Абай ауданындағы «Игілік» теміржол өткелі аралығында Игілік-Бадам темір жол учаскесінде 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон бір бүйіріне аударылып қалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Шымкент қалалық ТЖД-ның хабарлауынша, аударылған вагондар жалпы саны 57 вагоннан тұратын «Шымкент-Арыс» бағытындағы №2489 жүк пойызының құрамында болды.
«Оқиға салдарынан әуе электр желілерінің 11 тірегі бүлініп, темір жол төсемінің ішінара зақымдануы орын алды. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты «Алматы-Маңғыстау»бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді», делінген Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «ҚТЖ ҰК» АҚ құрамынан 55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.
Ведомство өкілдері ешкім зардап шекпегенін қоса хабарлады.
