Бокс
1 мин оқу 1,240
Бүгін қазақ боксшыларынан кімдер рингке шығады?
<p style="text-align: justify;">Өзбекстан астанасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында финалдың алғашқы күні екі қазақ боксшысы рингке шығады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алтынға таласатын кездесуде 48 келіге дейінгі салмақтағы отандасымыз Санжар Тәшкенбай Грузия боксшысы Салих Аллахвердовимен жұдырықтасады. Бірінші сессияға жоспарланған жекпе-жек Астана уақытымен 18:00-де басталады.
Екінші кезекте 67 келіге дейінгі салмақта қазақ боксшысы Дулат Бекбауов пен өзбек боксшысы Асадхуджей Муйдинхуджаев жұдырықтасады.
Тікелей эфир «Қазспорт» телеарнасынан көрсетіледі.
Бөлісу:
