Ауа райы
1 мин оқу 352

15 мамырға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты,&nbsp; деп хабарлайды&nbsp;&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

15 мамырға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Күндіз елдің оңтүстік-батысында найзағай ойнап, нөсер жауын, бұршақ күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста тұман түседі. Күндіз оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі.

Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, Жетісу және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
15 мамырға арналған ауа райы болжамы · Egemen Qazaqstan