Жәдігер
1 мин оқу 500

Сәкеннің куәлігі

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақынның 1933 жылы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдағаны тура&shy;лы куәлігі сақ&shy;талған. Куәлік бланкісі орыс тілінде жа&shy;зылған. Сол жағында көрнекті қайраткердің 6 х 4,5 су&shy;реті мен куәліктің со&shy;ңында инсти&shy;тут дирек&shy;то&shy;&shy;ры&shy;ның, тіл және әдебиет бөлімі меңгеру&shy;шісі&shy;нің және секретардың қолы қойылып, мөрі басылған.</p>

Сәкеннің куәлігі

Сәкен Сейфуллин 1925 жылдан 1937 жылға дейiн шы­ғармашылықпен айналыса жү­ріп, бірқатар жоғары оқу орынында оқытушы болып істеген. Мәселен,1925-1928 жылдары Қызылордадағы халық ағарту институтында, одан кейін Таш­кенттегі Қазақ педагогика инс­титутында, ал 1930-1937 жылдары Алматыға көшіп келген (1928) осы институттың жал­ғасы Абай атындағы педагогика инс­титутында қазақ әдебиеті тарихынан сабақ берген. Бұл кезде қазақ әдебиеті тарихы әлі толық зерттелмеген еді. Әде­биет нұсқалары да толық жи­налмаған. Ең ақыры қазақ әдебиеті тарихын оқыту бағдар­ламасы да болмады. Соған байланысты отызыншы жылдардың бас кезінде Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Мол­дағали Жолдыбаев және тағы басқа белгілі тұлғалар қа­зақ әдебиеті тарихы оқулығын жазуға кірiсті.

Бөлісу:
Сәкеннің куәлігі · Egemen Qazaqstan