Театр
4 мин оқу 350

Иржидің ерек иірімі

<p style="text-align: justify;">Елордалық көрермен үшін өткен демалыс күндерінің тартуы мол болды. Соның бірі де бірегейі &ndash; &laquo;Астана Опера&raquo; театры сахнасында тұсауы кесілген Иржи Килианның &laquo;Кішкентай өлім&raquo; балетінің премьерасы десек, артық айтқандығымыз емес. Заманауи хореографиядағы ең әсерлі балеттердің бірі саналатын айтулы өнер туындысы театрсүйер қауым арасында үлкен резонанс туғызды.</p>

Иржидің ерек иірімі

«Кішкентай өлім» – танымал классика санатына енген санаулы­ за­манауи балеттердің бірі. Мо­царттың кемеңгер музыка­сы­на қойылған теңдессіз ба­лет бестселлері «Астана Опера» балет труппасының көр­кемдік жетекшісі, Ресейдің ха­лық әртісі Алтынай Асыл­мұ­ратованың тікелей бастамасы­мен­ талғампаз көрерменге жол тарт­ты.

– Алтынай Әбдуахымқызы елор­далық театрсүйер қауымды әр­ кез таңғалдырып келе жат­қа­­нын атап өтуіміз қажет. Там­сан­дыратын себебі – оның гала-ба­лет­терінің барлығы әртүрлі. Олар­дың әрқайсысы ерекше бағыт­та орындалады. Мәселен, ба­лет шеберінің соңғы гала-бағ­дарламасы би өнері жан­кү­йер­лерін театрымыздың кере­мет­ жас әртістерімен, жаңа ба­лет буынымен таныстырды. Ал басқа бағдарламаларда клас­сикадан бастап, заманауи­ ба­леттерге дейін бүкіл әлем­дік­ балеттің даму желісін бақы­лау­ға болады, – деген театр ди­­ректорының бірінші орынба­са­­ры Төлеубек Әлпиев тұлға тал­ға­мына айрықша тоқталып өтті.

Ал Алтынай Асылмұратова премье­раалды баспасөз мәс­ли­­­ха­тында елордалық көп­ші­­­лік­ке Килианның 90-жылдардағы шығарма­шы­лы­ғы­мен, атап айт­қанда «ақ-қара» ба­леттер топ­­тамасымен танысуды­ ұсы­н­­ды. Себебі бұл кезеңде атақ­ты­ хореографта айрықша стиль қа­лып­тасты, соның нәти­же­сінде И.Килианды философ-балет­мейс­тер деп атай бастаған бола­­­тын.

– Мен «Астана Операда» клас­­­сикадан бастап, нео­клас­си­каға дейін балет тарихында бол­ған үздік шығармаларды көр­сеткім келеді. Балетте бір­тұ­тас бағыттың негізін қалаған Иржи Килиан өз дәуірінің ең­ кемеңгер хореографы саналады. Заманымыздың балет­мейс­терлерінің жаңа саңлақтар тобы дәл содан басталады. Мен осы­ған­ дейін театрымызда Иржи Ки­лианның қойылымдары өтсе екен деп армандайтынмын.­ Оның данышпандық тұнған балет­тері көп, әйтсе де ең таны­мал­дары – «Алты би» мен «Кіш­кентай өлім». Арманым орын­далып, «Алты биін» был­тыр театрымыздың сахна­­­сы­н­­­­­­да қойдық, енді, міне, репертуарымыз «Кішкентай өлім­мен»­ толықпақ. Бұлар «ақ-қара­ түсті» балеттер топтамасы­на жат­қызылады, себебі аталған спек­такльдерде түрлі-түсті кос­тюм­дер мен декорациялар жоқ, – деді Алтынай Асылмұратова.

«Кіш­кентай өлім» – таны­­мал клас­си­ка санатына­ енген санау­лы­­ ­заманауи балеттердің бірі­. Ол ерекше әрі қызықты хорео­гра­­фия­лық шешімдерге толы және сюр­реализм мен абстракция мәне­рінде жасалған тамаша туын­ды. Спектакльдің айрық­ша­ еркіндікпен жасалғаны сон­ша,­ айтулы премьера бекзат өнер­дің талғампаз көрерменін таң­ға­жайып әлемнің тұңғиығына бой­латты.

Моцарттың мұнтаздай музыкасына құрылған балеттің «Кіш­кентай өлім» атауының өзі бейәдеп мағынадан ада, махаб­баттың шарықтау шыңын біл­діреді. Бұл балетте трагедия жоқ, бірақ сезімталдық бар. Килианның данышпандығы да осында – ол еліктіргіш көрініс жасай отырып, тәуекелге бе­лін­ буады. Балет 1991 жылы Зальц­бург­ фестивалі үшін қойылған. Арада біршама уақыт өтсе де ол әлі де өзектілігін жойған жоқ.

Айтулы қойылымда Ни­дер­­ланд би театрының балет­мейс­тері әрі премьері Стефан Же­ромский Иржи Килианның ассистенті болды. Көркемдік-қойылым бөлімінің жетекшісі ре­тінде таңдалған Юст Бигелар балет­ті жарық, декорация және костюммен көркемдеді. «Кіш­кентай өлімнің» басты ерек­­шелігі – қойылымда қара жұм­сақ декорациялар мен ролик­тер­дегі жылжымалы кринолин­ көй­лектер қолданылды. Барлы­ғы­ минималистік стильде, ақ-қара түске құрылған. Қойылым со­нысымен де ерекше.

Тамаша балеттің бірінші дуэ­тін әр күндері Евгений Рыб­кин­ Камила Ормановамен және Гүл­наз Жанаевамен бірге әсерлі орын­дады. Екін­ші­ дуэттің әртіс­тері – София Әділ­­ханова, Рус­лан Қанағат, Бақыт­гүл Ис­па­нова мен Ислам Қайыпбай дене­нің таңға­лар­лық пластикасын­ паш етті. Күрделі үшінші дуэт­ті­ орын­дау театрдың прима­ла­рына сеніп тапсырылды,­ онда Әйгерім Бекетаева Данияр Жұматаевпен, Шұғыла Әдеп­хан­ Арман Оразовпен жұп болып биледі. Әртістер шебер өнер көрсетті.

– Осындай балеттерді билеуге мүмкіндік бергені үшін алды­мен театр басшылығына алғы­сымды айтқым келеді. Бұл біз үшін бір жағынан тәжі­ри­бе болса, екінші жағынан фи­зи­калық тұрғыда өсуге және ой-өрісімізді кеңейтуге тамаша шеберлік мектебі болды. Сондай-ақ Стефан мырзаға еңбегі үшін ризашылығымды біл­діремін. Шыдамдылығы, әрбір әртіске жол таба білгені үшін рақмет. Бұл балетте қи­мыл­дар мүлде басқаша. Жеке өз басым Килианның балетін ал­ғаш рет билеуім. Осындай жау­һарды орындау – мен үшін үл­кен бақыт. Моцарттың музы­ка­сы мен Килианның хореографиясы әлдебір ғажап дүние. Ал балеттің ерек­ше­лігі – хорео­граф­ оған фило­со­фиялық көз­қа­распен келген. 19 минут ішін­де біз сіздерге ер мен әйел­дің рухани тұрғыда қалай ләз­зат­қа бөленетіні жайлы айтып бе­реміз. Өздеріңіз көзайым бол­ған­дай, менің бидегі серіктесім жас­ әртіс Данияр Жұматаев бол­ды. Ол жас болса да өте дарынды, екеуіміз бірден тіл табысып кеттік, – деп дайындық бары­сындағы әсерімен бө­ліс­­ті «Астана Опера» балет­ труп­па­сы­ның жетекші солисі, театр при­масы Айгерім Бекетаева.

Расымен де, балериналар қатысқан жарқын көріністер баршаны таңғалдырды. Қыздар сахнаға дөңгелекпен қозғалатын сал­танатты қара көйлектермен шық­ты. Солистердің ерекше көйлектерде әдемі қоз­ғал­ғаны сонша, би өзіндік меди­та­тивтілікке ие болып, әлдебір зат­қа тәуелділікті жоғалтқандай болды. Моцарттың уақытпен шектелмеген музыкасына шебер салынған пластика тілі арқылы Килиан көрерменмен өнердің мәңгі өшпейтіні жа­йында сөйлесті.

Ал «Астана Опера» Сим­­фониялық оркестрін басқа­ра­тын жас қоюшы дирижер Эл­мар Бөрібаев музыкалық-оркес­трлік материалға сал­ған композитордың әр­бір­ нотасының терең филосо­фия­лық мәнін жеткізуде айрық­ша­ жарқырады. Бір сөзбен айт­қанда, ұжым түгел Мо­царт­­тың философиясы мен Иржи­ Килианның балет эсте­­ти­­касына бағытталған шығар­ма­шылықтың еркін әлемінде ша­рық­тады. Жұртшылықтың ыс­тық ықыласы ғана әртістерді шы­найы өмірге қайта әкел­ді,­ олар көрермендердің «Бә­ре­кел­ді!»­ деген дауыстарына жымия жа­уап қайтарудан және бас июден­ шаршаған жоқ.

Бөлісу:
Иржидің ерек иірімі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар