Футбол
1 мин оқу 420

Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында 13-ші гол соқты

<p style="text-align: justify;">Сауд Арабиясының футбол біріншілігінде &laquo;Әл-Наср&raquo; клубы 2-0 есебімен &laquo;Әл-Таи&raquo;&nbsp;командасын жеңді. &laquo;Әл-Наср&raquo; Криштиану Роналду мен бразилиялық Талиски соққан голдардың арқасында алға жылжыды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Әл-Наср» – «Әл-Тай» жекпе-жегі Сауд Арабиясы чемпионатының 27-туры аясында өтті, онда Роналду өз командасының бірінші голын пенальтимен соқты.

Бұл доп Португалия жұлдызының 13-ші активі болды. Еске сала кетсек, танымал футболшы Сауд Арабиясының Суперлига матчтарына «Әл-Наср» жейдесін киіп шықты. Осы орайда Криштиану чемпионаттың үздік бомбардирлері тізімінде бесінші орынға жайғасқанын да айта кету керек.

Кезекті жеңісінен кейін «Әл-Наср» 27 матчта 60 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орын алды. Әзірге Роналду клубынан үш ұпаймен алда тұрған «Әл-Иттихад» көш бастап тұр.

Бөлісу:
Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында 13-ші гол соқты · Egemen Qazaqstan