Теннис
1 мин оқу 426
Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалында латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Теннисшілер Римде (Италия) WTA 1000 турнирінің жартылай финалында кездеседі. Матч 19 мамырда өтеді.
Рыбакина WTA рейтингінде алтыншы, ал қарсыласы 20-орында тұр.
Еске салайық, ширек финалда қазақстандық Елена Рыбакина сенсациялық түрде әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңген болатын.
Бұл турнирдің жүлде қоры 3 572 618 еуроны құрайды. Жеңімпаз 521 754 еуро жинап, 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Бөлісу:
