СҚО-дағы жол апаты: Бір адам қайтыс болып, тағы бесеуі зардап шекті
<p style="text-align: justify;">21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколовка ауылының маңындағы Есіл - Петропавл автожолының 39 шақырымында Toyota Land Cruiser және Toyota Alphard автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жол апаты салдарынан 6 адам зардап шекті, олардың арасында оқиға орнында қайтыс болған 64 жастағы Toyota Alphard жолаушысы бар. Өзге зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, екі жүргізуші де мас күйінде болмаған. Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа орналастырылды.
ЖКО фактісі 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
