Жарнама
 
Әлем
2 мин оқу 482

Кремний алқабында оқып жүр

<p style="text-align: justify;">Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 15 стартап Кремний алқабында бес апталық &laquo;Hero Training&raquo; бағдарламасы бойынша оқуды бастады. Олар &laquo;Astana Hub&raquo; және &laquo;Draper University&raquo; халықаралық технопаркінің &laquo;My Ventures&raquo;-пен серіктестікте бірлескен преакселерациялық бағдарламасының нәтижелері бойынша іріктеліп алынған.</p>

Кремний алқабында  оқып жүр

«Astana Hub»-тың хабарла­уынша, жас IT-компаниялар «Hero Training» бағдарламасының екінші кезеңіне сәтті өтті. Бағдарламаны «Draper University» мен «Draper Fisher Jurvetson» венчурлық компаниясының негізін қалаушы Тим Дрейпер ашты.

Бастапқыда бағдарламаға 199 стартап­тан­ өтінім түскен. Соның 80-і преаксе­ле­ра­циядан өтіп, нәтижесінде 15 үздік жо­ба таңдалған. Олар – «Flowsell.me»,­ «ozen», «CITIX», «SpaceLab», «Smartestprep», «BEEP», «Beyne.ai», «Sqm­-invest», «Connected Home Ltd.», «Med365», «Big Dream Lab», «Alaqan Techno­logies» (барлығы – Қазақстан), «Smart­ Technologies» (Қырғызстан), «FIBO­ CLOUD» (Моңғолия), «Medixbot» (Түркия).

Сондай-ақ төрт стартап («Beyne.ai», «GoDays», «BEEP» және «Smartestprep») әрқайсысы 30 мың доллар тұратын «my ventures» бағдарламасының серіктесінен инвес­тиция алды.

«Бұл – біздің стартаптарымызға алғаш рет ұсынылып жатқан бірегей мүмкіндік. Қа­тысушылардың құрамы әртүрлі бол­ға­нына қуаныштымыз. Отандық стартаптармен қатар Қыр­ғыз­стан мен Моң­ғо­лиядан келген стартаптарға Кремний алқа­бында оқуға мүмкіндік бердік. Сон­дай-ақ біздің бағдарламаға алғаш рет Түркия стартапы қатысып жатыр. Соны­мен қатар екі апталық преакселерация нәти­жесі бойынша «Draper University Ven­tures» командасы 15 финалис­тен бас­қа­ «follow-up meeting»-ке тағы да бір­қа­тар жобаны шақыру туралы шешім қабыл­дады. Бұл қатысушыларға «Draper University's dedicated alumni fund» атынан 100 мың долларға дейін қаржыландыруды тартуға қосымша мүм­кін­дік беріледі», деді «Astana Hub» бас дирек­торы Мағжан Мәдиев.

«Astana Hub» және «Draper University» серік­тестігі аясында­ Кремний алқабында стар­таптар қарқынды акселерация бағдар­ла­масынан өтеді және өз жобаларын әлем­дік­ нарыққа, оның ішінде АҚШ нарығына масш­табтауға мүмкіндік алады.

Қарқынды акселерациялық бағ­дар­лама «Draper University»-дегі кампус базасында өтеді. Алты ай бойы барлық стартапқа бас­пана мен жұмыс кеңістігі ұсынылады. Осы кезеңде қатысушылардың тәжірибелі техно­логиялық кәсіпкерлер мен «Draper» эко­жүйе­сі сарапшыларының жетек­ші­лі­гімен инвестиция тартуға және АҚШ на­рығына шығуға бірегей мүмкіндігі бола­ды.

Кремний алқабындағы оқу кезінде стартаптар үшін «Demo Day»-ге қатысу (офлайн), нетворкинг, сарапшылардың сараптамасы мен тәлімгерлігі қол­жетімді болады әрі оларға АҚШ-тағы «Astana Hub» халықаралық агенттігі қолдау көрсетеді.

Айта кетейік, осы жылдың 10 нау­рызында Сан-Матеода (Калифорния штаты) еліміздің Цифрлық даму, инно­вациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің АҚШ-қа ресми сапары кезінде «Astana Hub» бас директоры Мағжан Мәдиев пен «Draper University» президенті Асра Надим ынтымақтастық туралы шартқа қол қойған болатын.

«Draper Ecosystem» – инновациялық эко­жүйені қолдау үшін озық фасилита­тор­лар мен тәлімгерлердің, салалық сарап­шы­лардың, корпоративтік серіктестердің және инвесторлардың теңдесі жоқ желісін ұсы­ну арқылы таланттарды, сарапшылар­ды­ және инвес­торларды біріктірудің біре­гей­ тәсілі. «Draper University» негізін венчур­лық капитал бизнесінде 38 жылдық тәжі­рибесі бар Тим Дрейпер қалаған. Оның басқаруында 11 қор бар, оған 7,7 млрд доллар инвестиция салған.

Бөлісу: