Қоғам
1 мин оқу 1,021

Димаштың «Өмірі»: Әнші туған күнінде тыңдармандарына сый жасады

<p style="text-align: justify;">Бүгін танымал әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні. Әнші туған күніне орай тыңдармандарына сый жасап, &laquo;Өмір&raquo; атты жаңа клипін жарыққа шығарғалы жатыр. Бұл жаңалықпен Димаш өзінің <a href="https://www.instagram.com/p/Cslj2rnvImL/">Instagram</a> парақшасында жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тыңдармандары әншіні әлемнің әр қиырынан құттықтап, ыстық лебіздерін білдіріп жатыр. 

Дінмұхаммед (Димаш) Құдайберген Қанатұлы 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында  дүниеге келген. Ата-анасы Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері.

Димаш бала кезден түрлі ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Витебскте өткен «Славян базары-2015» халықаралық ән байқауы жас әншінің бағын ашты. Отандасымыз конкурста бас жүлде иеленді.

Осыдан кейін жас орындаушы бір жылдай Қытайдың «Мен әншімін» жобасына қатысып, талантымен күллі әлемді таңғалдырған еді.

 
 
Бөлісу:
Димаштың «Өмірі»: Әнші туған күнінде тыңдармандарына сый жасады · Egemen Qazaqstan