Спорт
1 мин оқу 610

«Алтын доп» кімге бұйырады?

<p style="text-align: justify;">Goal басылымы 2023 жылдың қоры&shy;тындысы бойына &laquo;Алтын доптан&raquo; үміт&shy;керлердің тізімін жариялады.</p>

«Алтын доп»  кімге бұйырады?

Аса мәртебелі атақтан басты үміткерлердің бірі ретінде Лионель Мессидің есімі аталды. 35 жастағы Аргентина құрамасы мен Париж­дің ПСЖ клубының шабуылшысы бұған дейін дәл осы атаққа жеті мәрте (2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021) қол жеткізген еді. Мессидің басты бәсекелестері – Эрлинг Холанд («Манчестер Сити), Килиан Мбаппе (ПСЖ), Винисиус Жуниор («Реал» Мадрид) және Кевин Де Брейне («Манчестер Сити»). Сондай-ақ бұл тартыста Виктор Осимхен («Наполи»), Кәрім Бензема («Реал»), Хвича Ква­рацхелия («Наполи»), Роберт Ле­вандовски («Бар­селона») және Хулиан Аль­варестің («Ман­честер Сити») бірінің бағы жануы мүм­кін.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Алтын допты» Франция құрамасы мен Мадридің «Реал» клубының сұрмергені Кәрім Бензема иеленді.

Бөлісу: