Алматыда есірткі сатқан ер адам ұсталды
<p style="text-align: justify;">Жедел және арнайы іс-шаралар барысында Алматы полицейлерінің назарына іліккен Алматы облысы, Қарасай ауданынан гашиш жеткізіп, қала аумағында сатумен айналысқан 34 жастағы А. есімді азамат ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Арнайы іс-шара Алматының Алатау ауданында кешкі алты жарымда жүргізілді. Күдіктінің Hyundai автокөлігі тоқтатылды. Жеке тінту кезінде, сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде бірнеше полимер байламдары табылып, тәркіленді. Олардың ішінде жасыл түсті өсімдік тектес шаңды зат болды. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты аса ірі көлемдегі гашиш екені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

