Жарнама
 
Ауа райы
1 мин оқу 433

Бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі әлі де сақталады

<p style="text-align: justify;">27 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, қатты жел тұрады, кей аумақтарда өрт қаупі әлі де сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктерінің болжамына сілтеме жасап.</p>

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік болуы мүмкін.

Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі болады.

Мампнжардың болжауынша, күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында 27 мамырда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі әлі де сақталады · Egemen Qazaqstan