Президент
1 мин оқу 353

Бүгін Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бүгін Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады

«Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу: