Аймақтар
1 мин оқу 540

Өрт сөндіруші батырдың бейнесі

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қойма&shy;сында отпен арпалысып қаза тап&shy;қан өрт сөндіруші, Халық Қаһарманы Мейір&shy;&shy;&shy;&shy;жан Аймановтың Пав&shy;&shy;&shy;лодарда муралы салын&shy;ды. Керекулік өрт сөн&shy;дірушілер батыр әріп&shy;&shy;&shy;тесін еске алып, ру&shy;хы&shy;&shy;на құрмет көрсетті.</p>

Өрт сөндіруші батырдың бейнесі

Халық Қаһарманының ерлігі ел есінде. 2021 жыл­дың 26 тамызында Жамбыл облы­сын­дағы әскери бөлім­дердің бірінде оқ-дәрі сақ­тайтын қойма өртенді. Өртті сөндіру, эвакуациялау жұмыстарына өңірлік тө­тен­ше жағдайлар департаменті өрт сөнді­ру және авариялық-құтқару жұмыстары қыз­меті бастығының орынбасары Мейір­жан Ай­манов жетек­шілік етіп, екі әріптесін өрт­тен аман алып шыққан еді. Алайда екінші жарылыс батырдың өмірін қиды. Қа­зақ­стан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қыз­меттік борышын атқаруда көрсет­кен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін марқұмға Халық Қаһарманы атағы берілді.

Ерен ерліктің үлгісін та­нытқан М.Айма­новқа Пав­лодар жерінде мұндай құр­меттің жасалуы тегіннен-тегін емес. Ол 1995-1997 жылдар аралығында Ішкі істер министрлігінің Павлодар тех­никалық колледжінде бі­лім алған. Академик Шөкин-Катаев көшелерінің қиы­л­ысындағы көпқабатты үй­дің қабырғасына салынған мурал өрт сөндірушілердің жанқияр­лық еңбегіне арналып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбылдағы тө­тен­­ше оқиға салдарынан 18 адам көз жұмған бо­ла­тын. Оның 10-ы – азаматтық қорғаныс өкілі.

Павлодар

Бөлісу:
Өрт сөндіруші батырдың бейнесі · Egemen Qazaqstan