Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
<p style="text-align: justify;">4 маусымда еліміздің Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мерекеге орай елордада «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» онлайн-байқауы ұйымдастырылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күніне орай елорда әкімдігі «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» байқауын жариялады. Қатысушылар 29 мамырдан 1 маусымға дейін Instagram-да Тудың, Елтаңбаның шығармашылық фотосуретін немесе Әнұранның орындалуы туралы видео жариялауы керек. Парақша ашық болуы керек, ал постқа #МемлекеттікРәміздерҰлтМақтанышы хештегі қойылуы тиіс. Сондай-ақ @akimat__astana аккаунтына жазылып, оны жарияланымда белгілеу қажет.
Жарияланымдарды қабылдау 1 маусым күні сағат 23:59-да аяқталады. Жеңімпаздар үш номинация бойынша конкурстық комиссияның шешімімен анықталады:
- «ҚР Туы бар үздік фото»;
- «ҚР Елтаңбасы бар үздік фото»;
- «ҚР Әнұранын үздік орындау».
Үздіктер 4 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің YouTube арнасында көрсетілетін «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» онлайн-бейнемарафонында жарияланады.
