Спорт
1 мин оқу 160

Елена Рыбакина Ролан Гаррос жарысын жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Елена Рыбакина Ролан Гаррос жарысын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жастағы Бренда Фрухвиртовамен кездесті.

Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте чехиялық спортшы брейкпен алға шыққанымен, Елена көпке ұзатпады. Содан кейін тағы бір брейкпен сетті тәмамдады – 6:4.

Бренда Фрухвиртова екінші партияда да брейк жасағанымен Е.Рыбакина таразы басын қайта теңестіріп, өз геймін де алды – 3:2. Ақыры матчты кезекті брейкпен түйіндеді – 6:2.

Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 9 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.

Елена Рыбакина екінші айналымда Чехияның тағы бір жас жұлдызы, әлемнің 50-ракеткасы, 18 жастағы Линда Носковамен шеберлік байқасады.

Ол рейтингте 68-сатыдағы черногориялық Данка Ковиничті жолдан тайдырды. Линда бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сетте есеп 2:1 болғанда, қарсыласы жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады.

Бөлісу:
Елена Рыбакина Ролан Гаррос жарысын жеңіспен бастады · Egemen Qazaqstan