Германияда Абай үйі ашылды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда туып-өскен немістер Германияда Абай үйін ашты. 20 жыл бұрын тарихи Отанына оралған Валерий Оствальд Залах қаласында «Қазан» деген атпен қауымдастық құрған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Qazaqstan» ұлттық арнасы ұсынған ақпаратқа қарағанда, бүгінде 100-ден астам мүшесі бар ұйым Германияда қазақ мәдениеті мен өнерін кеңінен насихаттап отыр.
«Абай үйі - Германия мен Қазақстан арасындағы мәдени көпір болады деген үміттеміз. Абай - ұлы жазушы. Әлем жұрты оның есімін білуі тиіс. Біз Қазақстанда туып-өстік, ол - біздің Отанымыз. Туған жеріміздің жылдан-жылға көркейіп, дамығанын көріп, қуанып отырамыз», деді «Қазан» қазақ қауымдастығының төрағасы Валерий Оствальд.