Айбын
2 мин оқу 360

Көпсалалы клиникадағы кездесу

<p style="text-align: justify;">Астанада Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталы ашық есік күнін өткізді. Қорғаныс саласындағы жетекші клиниканы көруге &laquo;Даналық&raquo; жоғары медициналық колледжінің және Республикалық медицина академиясының елуден астам студенті келді.</p>

Көпсалалы клиникадағы кездесу

Болашақ дәрігерлерді гос­питаль бастығының орынба­сары-медициналық бөлім бас­тығы, медицина қызметінің пол­ковнигі Руслан Жанзақов қарсы алды. Ол «госпиталь қабылдау бөлімінен басталатынын» айтып, бұл жерде жалпы саны 29 бөлімше бар екенін, оның 15-і стационарлық емдеуге арналғанын таныстырып өтті.

Көпсалалы медициналық емдеу мекемесі 2000 жылдың 3 сәуірінде құрылған. Мұн­да 300-ден аса медицина қызмет­кері жұмыс істейді. Олар­дың арасында «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен ма­ра­­­пат­талған медицина ғылым­­да­рының докторлары мен кан­ди­даттары, ден­саулық сақтау үздік­тері де бар.

Жыл сайын мекемеде түрлі сырқатпен үш мыңға жуық пациент стационарлық ем қабыл­­дайды, оларға негізгі меди­­ци­налық қызметтен бастап күр­делі операцияға дейін маман­дандырылған медицина­лық көмек көрсетіледі.

Госпиталь пациенттері – кадеттер, курсанттар, мерзімді қыз­меттегі сарбаздар, офицерлер құрамы, келісімшарт бо­йынша әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері. Үш жыл бойы госпиталь халық­қа кепілді көмек ретінде беріле­тін тегін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­ды­ру шең­­берінде ақылы медициналық қызмет көрсетіп келеді.

Госпиталь азаматтық ден­сау­лық сақтау ұйымда­рымен, ұлттық ғылыми орталықта­ры­мен ынтымақтаса еңбек етіп келеді. 2013 жылы медицина­лық мекеме «Астана медицина университеті» КеАҚ кафедра­ларының клиникалық оқу базасына айналды.

Медициналық оқу орында­ры­ның студенттеріне әскери дәрігерлер қызметінің ерекше­лігі, оның азаматтық ден­сау­­лық сақтау саласынан айыр­ма­­шылығы туралы жан-жақты айтыл­ды. Олар сондай-ақ әске­ри қызметшінің әлеуметтік па­­ке­­­тінің көлемі, кәсіби тұр­ғы­да өсу перспективалары ту­ра­лы толық ақпарат алды. Әске­­ри дәрігерлердің таяу жә­не алыс шетелдердің жоғары оқу орын­дарында білікті­лігін арт­тыруға, Қорғаныс минис­трлігінің әскери медицина орта­лығында даярлықтан өтуге, бітім­­герлік миссияларға қатыса отырып, бірегей тәжірибе алуға мүмкіндігі бар.

Бөлісу:
Көпсалалы клиникадағы кездесу · Egemen Qazaqstan