Балалар
1 мин оқу 300

«Жарқын жаз» жобасы

<p style="text-align: justify;">Қостанай қаласының сегіз шағын ауданында жазғы демалысқа шық&shy;қан балаларға арналған сахналық қойылымдар байқауы ұйымдасты&shy;рыл&shy;ды. Игі іс-шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қолға алып отыр.</p>

«Жарқын жаз» жобасы

– Балалар бос уақытын мәнді де, ма­ғы­налы өткізуге тиіс деп ойлаймыз. Қазіргі балақайлар шетелдік ­мульт­сериалдардың кейіпкерлерін жақ­сы көреді. Ал өзіміздің Алдар көсені білмейді. Сондықтан балғындар ара­сында халық ауыз әдебиетіндегі ерте­гілердің кейіпкерлерін көбірек наси­хаттағымыз келеді. Мұндағы мақ­сатымыз – кейінгі жас буынның санасына ұлттық құндылықтары­мыз­ды сіңіру, – дейді «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Наталья Рамазанова.

см

Жобаның тұсаукесер іс-шарасы қа­ланың орталық алаңында, ашық аспан астында өтті. Оған этномә­дени бірлестікке мүше балалар, баста­уыш сынып оқушылары мен балабақ­ша жасындағы балғындар қатысты. Мере­келік іс-шара барысында бала-
лар арасында түрлі байқаулар мен көңіл­ді жарыстар ұйымдастыры­лып, өнерпаздар ән айтып, күй тарт­ты. Ұйымдастырушылар көпшілік ал­дында өнер көрсеткен талапты балалар­ға бір-бір сыйлық ұстатып жат­ты. Ал неміс этномәдени бір­лес­тігінің өкілдері іс-шараның басын­дағы балғындардың бәріне балмұз­дақ үлестірді.

Қостанай

Бөлісу:
«Жарқын жаз» жобасы · Egemen Qazaqstan