Қоғам
1 мин оқу 433

Әлеуметтік желіде суық қаруды жарнамалаған павлодарлық анықталды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысының полицейлері Instagram желісінде қаруды жарнамалаған ер адамды анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://web.telegram.org/k/#@POLICE_of_KZ">Polisia.kz Telegram</a> арнасына сілтеме жасап.</p>

Әлеуметтік желілерді тексеру кезінде 2 маусымда белгісіз ер адам атыс қаруын жарнамалаған бейнежазба анықталды.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол Павлодар қаласының бұрын сотталған 33 жастағы тұрғыны болып шықты, одан Стечкин пневматикалық тапаншасы тәркіленді. Сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Бөлісу:
Әлеуметтік желіде суық қаруды жарнамалаған павлодарлық анықталды · Egemen Qazaqstan