Қоғам
1 мин оқу 1,030
Астанада қылмыс көрсеткіші төмендеді
<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың айтуынша, елордада қылмыс 17 пайызға төмендеген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Астананы алаңдатқан 38 мәселе» мақаласындағы мәліметтерге сәйкес, полицияның тәулік бойы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуінің арқасында елдегі қылмыс деңгейі – 16, ал Астанада 17 пайызға төмендеген. Оның ішінде кісі өлтіру – 51, зорлау – 37, қарақшылық – 36, тонау – 16, бұзақылық – 47, ұрлық 28 пайызға азайған.
Дегенмен, елордада 10 мың адамға шаққанда қылмыс саны 127-ні құрайды. Бұл – елдегі ең жоғары көрсеткіш.
Бөлісу: