Қоғам
1 мин оқу 930
«Оқуды 5-ке бітірдім»: Әкесінің қабіріне барған бала жұрттың жүрегін елжіретті
<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде мектептен шыға сала әкесінің қабіріне барып, оқудағы жетістігін айтып берген баланың видеосы тарады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бейнежазбада әкесінің қабіріне барып, сағынышын білдірген баланы көруге болады. Мектеп оқушысы мақтау қағазын көрсетіп, әкесіне оқуды 5-ке бітіргенін айтқан. Бұл туралы Elorda.info хабар таратты.
«Папа, ассалаумағалейкум. Мынаны қарашы, сабақты беске бітірдім. Енді 3-сыныпқа барамын», дейді бала.
Бейнежазбаға қатысты пікір білдірген желі пайдаланушылары көзіне еріксіз жас алып, жүректері елжірегенін жазған.
Бөлісу:
