Қазақстан
3 мин оқу 330

Мәжілісмендер – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да

Бүгін Теміртауда Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, Қарағанды облысы мен Теміртау қаласының және облыстың аумақтық департаменттері мен басқармаларының басшылары қатысты.

Мәжілісмендер – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да

Отырысты Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин ашты. Отырысқа «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының менеджменті техникалық директор К.Цимбал, Бас директордың қауіпсіздік техникасы мәселелері жөніндегі орынбасары В. Воропаев, экология жөніндегі директор М. Қуантаева және басқалар қатысты.

Жиын барысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның экологиялық, энергетикалық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері қаралды.
Лвд

- Біздің жоспарымыз2030 жылға қарай шығарындыларды 18 пайыз азайтуға қол жеткізу, мұнда негізгі рөлді өндірісті және домна үдерісінің отын шығынын оңтайландыру, ЖЭО-ны аралас және газ тәріздес отынға көшіру, жану үдерісін жақсарту атқарады. Қазіргі ірі жобаларымыз – еуропалық экология нормаларына сәйкес келетін жаңа кокс батареяларын салу. Жаңа батареялар орнатылғаннан кейін ескілері толық тоқтағанға дейін өндірістен біртіндеп шығарылады. Біз кокс газын тазартатын жаңа цех салып жатырмыз, бірінші қайта өңдеу цехтарында газды тазарту жүйелерін жаңғырту жұмыстарын жүргізудеміз, №7 жаңа қазандықты пайдалануға беру жобасы аяқталуға жақын, - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ техникалық директоры Константин Цимбал.
Ладв

Көшпелі отырыс аясында мәжілісмендер металлургия комбинатына барды. Олар аглоөндірісті, № 5 агломашинадағы электр сүзгілерін, ЖЭО-ны, қазандық цехын, түтін құбырын, №3 қалдық қоймасын және күлжинағышты, сондай-ақ қож өңдеу учаскесін аралап көрді.

Көшпелі отырыс барысында мәжілісмендер мен кездесуге қатысушылар көтерген мәселелер кеңінен талқыланды. Басым мәселелер – энергиямен жабдықтау, ЖЭО қызметі, экологиялық аспектілер жұмыс барысында қаралу үстінде.

- Біздің перспективалы жобаларымыз электрфильтрлерді орнату және аглодомен өндірісінде гибридтілерге дейін жаңғырту, конвертерлік газды кәдеге жарату жобасы, ЖЭО қазандықтарын отын тұтынудың аралас түріне ауыстыру, жел генераторларын орнату. Технологиялық үдерісті жақсарту бойынша байыту фабрикаларын іске қосу, жану процесін жақсарту және су ресурстары мен электр энергиясын тұтынуды азайту.
Лвд

Заңнама талаптарына сәйкес шығарындыларды үнемі бақылау үшін компанияда қазірдің өзінде онлайн мониторингтеу жүйелері бар және негізгі көздерде ластаушы заттардың жиналуын бақылау үшін жаңа жүйелерді орнату үстіндеміз. Біз деректерді тікелей экология департаментіне тестілеуге беру үшін мониторинг жүйелерін қосудың қанатқақты жобасына қатысамыз, - деп қорытындылады техникалық директор.
Лад
Твб

Бөлісу:
Мәжілісмендер – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да · Egemen Qazaqstan