Теннис
1 мин оқу 210

Андрей Голубев Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен дуэтте Хейльбронн қаласында (Германия) өтіп жатқан турнирде жұптық сайыстың ширек финалдық кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

1/4 финалда Голубев пен Молчановқа француз Джонатан Эйсерик пен мексикалық Мигель Анхель Рейес-Варела қарсы шықты. Кездесу екі сетте қазақ-украин дуэтінің жеңісімен аяқталды – 6:4, 7:6.

Еске салайық, бұған дейін Андрей Голубев пен Денис Молчанов босниялық Дамир Джумхур мен ресейлік Павел Котовты 7:6, 6:3 есебімен ұтқан еді.

Хайльбронндағы турнирдің жүлде қоры 145 000 еуроны құрайды. Турнир жеңімпаздары 8 444 еуро жинап, әрқайсысы 125 рейтингтік ұпайға ие болады.

Бөлісу:
Андрей Голубев Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты · Egemen Qazaqstan