Қазақстан
1 мин оқу 323

Қазақстанда бір күнде екі бала терезеден құлап кетті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте екі бала терезеден құлап кеткен,<span class="Apple-converted-space">&nbsp; </span>деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Алғашқы оқиға Жезқазған қаласында тіркелді. Онда екі жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қуанышқа орай, бала аман қалды. Орташа дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Екінші оқыс оқиға Түркістан облысындағы Таукент ауылында болды. Онда ересектердің қарауынсыз қалған бес жасар бала 5-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды.

Бөлісу: