Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.kazhydromet.kz/ecology/ezhednevnyy-byulleten-sostoyaniya-vozdushnogo-basseyna-nmu" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">«Қазгидромет»</a> РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«2023 жылғы 11 маусымда Атырау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы.
Бұндай жағдайда кейбір елді мекендерде ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
