Спорт
1 мин оқу 221

Қазақстандық каратэші Жапонияда олжалы болды

<p style="text-align: justify;">Жапонияның Фукуока қаласында каратэден Premier League &ndash; Fukuoka 2023 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстандық каратэші Жапонияда олжалы болды

Премьер-лига додасына әлемнің 47 елінен 300-ден астам спортшы қатысты. 

Қазақстаннан ел намысын 25 каратэші қорғады. Бұл жарыста тек әлемдік рейтингтің алғашқы отыздығына енген спортшылар ғана бақ сынайды.

Сайыс қорытындысы нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының тумасы Дархан Темірәлиев 60 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ринат Мерғалиевтің шәкірті малайзиялық, сербиялық, жапониялық, кувейттік, германиялық қарсыластарын ұтып, финалда тағы бір жапониялық спортшыға ғана есе жіберді.

Бөлісу:
Қазақстандық каратэші Жапонияда олжалы болды · Egemen Qazaqstan