Әскер
1 мин оқу 394

Жазғы оқу кезеңі

<p style="text-align: justify;">Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдердің оқу-жаттығу жиындары қысқы және жазғы топтарға бөлінеді. Қысқы жиындарды сәтті аяқтаған әскери қызметшілер енді жазғы оқу кезеңіне кірісті.</p>

Жазғы оқу кезеңі

Қазір қорғаныс ведомствосының барлық әскери бөлімінде жауынгерлік дайындық сабақтары өтіп жатыр. Оған Қарулы Күштердің жеке құрамы толық тартылып отыр. Негізгі мақсат – жауынгерлік әзірліктің түрлі деңгейін енгізу кезінде әрбір әскери қызметшінің іс-қимыл тәртібін пысықтауға арналған.

Әскерлердің тұрақты орналасу пункттерінде, полигондарда, әуе айлақтарында, бастапқы позицияларда және теңізде жүктелген жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындық мәселелері іс жүзінде пысықталып жатыр. Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерінің ықтимал қауіп-қатерлерге ден қою дайындығын тексеру мақсатымен әскери-көліктік авиация ұшақтарымен белгіленген ауданға жеткізу жүзеге асырылды.

Барлық іс-шара жергілікті атқарушы органдармен, аумақтық қорғаныс бөлімшелерімен, басқа да әскерлер және әскери құралымдармен өзара тығыз іс-қимылда өткізіліп жатқанын айта кету керек. Сабақтар жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әрбір әскери қызметшінің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Бөлісу:
Жазғы оқу кезеңі · Egemen Qazaqstan