Аймақтар
1 мин оқу 381

Қызылордада жазық дала өртеніп жатыр

<p style="text-align: justify;">Қызылордада бес гектар аумақ өртке оранды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрт 12 маусым күні сағат 14:50 шамасында басталған.

«Қызыл жалын Наурыз ауданы Шіркейлі каналының жағасында шарпығаны белгілі болды. Өрт шамамен бес гектар құрғақ аумақты алып жатыр. Өрт орнына 21 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылды», делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қызылордада жазық дала өртеніп жатыр · Egemen Qazaqstan