Қоғам
1 мин оқу 460

Талица ауылына қауіп төніп тұрған жоқ – әкімдік

<p style="text-align: justify;">Орман сыртында орналасқан Талица, Половинка және Қаштақ ауылдарына өрт қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Оның айтуынша, өртке қатысты жағдай бақылауға алынған.

«Батпаев және Қаштақ бағытында Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің күштері, техникалық құралдары сондай-ақ 9 тікұшақ жұмыс істеп жатыр», деді Гариков.

Дмитрий Гариковтың айтуынша, Талица ауылы мен жақын маңдағы басқа елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. 

Бөлісу:
Талица ауылына қауіп төніп тұрған жоқ – әкімдік · Egemen Qazaqstan