Өнер
2 мин оқу 313

Қалдықтан құрақ құраған

<p style="text-align: justify;">Егер жазушы оқырманын, суретші көрерменін селт еткізіп, ой салмаса &ndash; ол туынды өміршең бола ала ма? Ендеше, оқырман осы жолы қоғамның көкейкесті мәселелерін суретімен сөйлететін Сәуле Сүлейменованың полиэтилен, целлофан пакеттерден жасалған &laquo;Шыңжаңды тазалау&raquo;, &laquo;Қандастар туралы дастан&raquo; сериясына қалың қағазға балауызбен басылған &laquo;I love you&raquo;, &laquo;Sunset Workers&raquo;, &laquo;Kazakh cancan&raquo;, &laquo;Green Bus&raquo;, &laquo;Barakholka&raquo; сериясындағы &laquo;Bazar Busstop-1&raquo; туындыларына зер салып көріңізші.</p>

Қалдықтан құрақ құраған

Өзіндік мәнері бар автор қазіргі таңда сұранысқа ие суретшілердің қатарында. Сәу­ленің туындылары Sharjah Art Foundation, Alain Servais кол­лекциясы, Еуразиялық Мәде­ни Альянс, Ә.Қастеев өнер мұ­ражайы сынды галереяларда тұр.

сми

Суретші шығармашылы­ғын­дағы осынау әдіске қоғам­ның Табиғат-Анаға деген көз­қарасы түрткі болған. «Қайбір жылдары Астана мен Алматы арасында пойызбен жиі сапар­ладым. Жазық даламен әрі-бері өткенде қызғалдақтар жайқалған мез­гілді көргім келетін. Алай­да оның орнына пластик шөлмектер мен пакеттердің шашылып жатқанына ішім ашитын. Да­ла – біздің рәмізіміз, ел мақ­танышы, тіпті барлық жер­де пластик қоқыс жайрап жатса да, бәріміз осы дархан даламызбен мақтанамыз. Цел­лофан қалталар жер-көкте ұшып жүр, өсіп тұрған шөптер мен ағаштарға жабысып, жер-жерде шашылып жатады. Бір қызығы, олар еріп, жоқ болып та кетпейді. Міне, бұл – ке­зең­нің дерті», дейді Сәуле Сү­лей­менова.

авп

Суретшіні толқытқан осын­­дай ішкі толғаныстар үні өне­ріне ауысқан.

«Целлофан пакеттерді қа­лай пайдалануға болатынын ойластыра бастағанда, оның ештеңеге де жабыспайтынын байқадым. Ол тек жоғары температурада ерітілгенде ғана екінші пластикке жабыса­ды екен. Сондықтан маған желім пистолет пен полигаль (қа­лың мөлдір пластикалық па­рақ­тар) қолдануға тура келді. Бір жағынан, ол қоқыс, бір­ақ оның мүлдем жоқ болып кетпейтініне зер салсақ, плас­тикті қымбат металл немесе мұнай өнімі, алтынмен пара-пар деп қарауға да болады. Пакет­тердің мөлдірінен бастап, ақ, түрлі-түсті кемпірқосақ сынды, тіпті қара түске дейінгі бар­лық түсті табуға болады. Сол секілді, ондағы жарнама мә­тінінде, бренд атауында және басқа да сыртында ба­сылған ақпараттарда жазыл­ған сөздерде неше түрлі ой, пайым бар. Мұның бәрі тура біздің өміріміз секілді, қилы-қилы, ащы да тәтті, күл­кілі де қорқынышты, әдемі әрі сұрықсыз», дейді суретші.

чми

С.Сүлейменованың Ас­танада өткен «Milestone» атты жеке көрмесін ұйымдастырған тәуелсіз арт-кеңесші Владислав Слудский: «Суретші 1993 жыл­дардағы жағдай, натюрморт, гүл, жеке оқиғадан бастайды да, аруақ, Астана-лайн, ур­ба­низация, өткеніміз бен бола­шағымыз арқылы саяси, әлеу­меттік мәселелерге ойысады. Оның «Жұмысшылар» деген картинасын алып қараңызшы. Негізі мұндай тақырыпқа көп суретші бара бермейді. «Аруақ­тар» деген картинасын да жекелеген адамдар мен саясаттың ортасындағы көпір деп есеп­теймін. Суретшінің сая­си та­қырыптағы туындыларын кө­рермен жылы қабылдайды. Бір қуаныштысы, Сүлейменова халықаралық деңгейде де жо­ғары бағаланып жүр. Дәл қазір оның туындылары Дюнкерк қаласындағы FRAC Grand Large – Hauts-de-France мұражайында тынымал суретшілердің еңбе­гімен қатар тұр», дейді.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Қалдықтан құрақ құраған · Egemen Qazaqstan