Аймақтар
1 мин оқу 411
Абай облысындағы орман өрті ырық бермей тұр
<p style="text-align: justify;">Абай облысындағы орман өрті төрт тәуліктен бері басылмай тұр. Желіде өрттің тағы бір видеосы пайда болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
«Екпіндеп соққан жел тілсіз жауды сөндіруге ырық бермей тұр. Өрт лебі 100-150 метр жерден жақындатпай шарпып жатыр», дейді видео авторы.
Айта кетейік, Абай облысындағы алапат өрттен орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.
Мемлекет басшысының жарлығымен 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Бөлісу:
