Шахмат
1 мин оқу 440

Қазақстандық жас шахматшы Грузияда чемпион атанды

<p style="text-align: justify;">Грузияның Батуми қаласында кадеттер мен жастар арасындағы рапид және блиц шахматтан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Швейцариялық жүйе бойынша 11 раундтан тұратын бəсекеде 35 елден келген 450-ден астам 8-18 жас аралығындағы ойыншы өзара сынға түсті.

Қазақстан құрамасының өрендері 6 күнге созылған турнирде жақсы нəтиже көрсетті. Нәтижесінде қоржынға 2 алтын мен 4 күміс медаль түсті.

Əуелі жас ойыншылар рапидтен үздіктерді анықтады. Мұнда Аланна Берікқызы (10 жасқа дейін), Айару Алтынбек (U-12) пен Зарина Нұрғалиева (U-14) өз жас санатында 2-орыннан көрінді.

ш

Ал блицте жас отандасымыз Иман Нəбиев күміс медаль жеңіп алды. Ол тек шотландиялық Луис Ченгке есе жіберді. Ал Айару Алтынбек (U-12) пен Зарина Нұрғалиева (U-14) чемпион атанды. Жуырда ғана классикалық шахматтан 9 жасқа дейінгі ойыншылар арасында əлем чемпионы атанған Аланна Берікқызы бұл сында үздік бестікті түйіндеді. Осы тұста ұйымдастырушылар жігерлендіру үшін барлық жас санатында жақсы нəтиже көрсеткен əдеттегідей 3 емес, 5 ойыншыға жүлде табыстағанын айта кету керек.

ш

Бөлісу:
Қазақстандық жас шахматшы Грузияда чемпион атанды · Egemen Qazaqstan