Экология
1 мин оқу 280

«Ecolife» экочелленджі

<p style="text-align: justify;">Елімізде &laquo;Ecolife&raquo; экочелленджі басталды. Іс-шара елордада өтетін Халықаралық волонтерлер форумы аясында ұйымдастырылып отыр. Игі іске Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен &laquo;Жас Ұлан&raquo; республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымы мұрындық болды.</p>

«Ecolife» экочелленджі

Экочеллендж аясында Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Қызыл Кордон ауылында «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисі жобасын іске асырушы «Ұлттық волонтерлік желісінің» жазғы мектебінің волонтерлері мен Қызыл Кордон мектебінің ұжымы мен оқушылары акция өткізді. Олар білім ошағы ауласына ағаштар отырғызып, суарып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ олар аймақтағы орманды қоқыстан тазартты.

– Бұл біз үшін зор тәжірибе болды. Волонтерлермен біздің қызметкерлер, оқушылар танысып, бір-бірімен ақпарат алмас­ты, көп нәрсе үйренді. Біздің жетек­шілер волонтерлерге ағашты қашан және қалай отырғызу керек, баптау жолдары қандай екенін айтып берді. Алдағы уақытта да көмек беруге дайын. Мұндай шаралар экологиялық әл-ауқатты жақсартып, өскелең ұрпақты табиғатты құрметтеуге тәрбиелейді. Сондықтан экоакциялар жүргізіліп жатқанына қуаныштымын, – деді Қызыл Кордон мектебінің директоры Наталья Соболева.

Жалпы, челлендждің мақ­саты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, таби­ғатты қорғау, сақтау және аялау­ды насихаттау. Бір апта бұрын басталған іс-шара 20 маусымға дейін жалғаса­ды. Оған барлық ниет білдіруші қатыса алады. Арасында креативті идеясы бар, тапсырмаларды толық орын­даған, «экологиялық» қағи­даттарды сақтаған жандар іріктеліп, жеңімпаз анықталады.

Бөлісу:
«Ecolife» экочелленджі · Egemen Qazaqstan