Ауа райы
1 мин оқу 862

Қазақстанда 2 градусқа дейін үсік жүреді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктері 15-17 маусым аралығында қандай ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтал бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ жел күшейіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

«Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қысым күшейеді. Ауа температурасы түнде 2-10 градусқа дейін төмендеп, жер қабатында 2 градусқа дейін аяз күтіледі. Күндіз ауа температурасы 20-28-ден 25-32 градусқа дейін ыстық болады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қазақстанда 2 градусқа дейін үсік жүреді · Egemen Qazaqstan